Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

24 Қазан 2024, 15:04
705
Бөлісу:
Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды
Фото: Бас прокуратура

Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінде танымал болған прокурорлар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков Республика күніне орай мемлекеттік мараптқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмысшылары ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қадағалау органы мәліметінше, бас прокурордың ұсынысы, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Аймағанова мен Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Сондай-ақ мінсіз қызметі үшін ведомстволық медальдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы