Айыртауда iрiмшiк цехы iске қосылды

12 Қыркүйек 2022, 20:33
2024
Бөлісу:
Айыртауда iрiмшiк цехы iске қосылды
Фото: СҚО әкімдігінен

«Облыста iрiмшiк өндiретiн тағы бiр кәсiпорын iске қосылды. Жаңа цех Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлде орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Тезис» серiктестiгi 600 млн теңге инвестиция салды», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Жаңа кәсiпорын жұмсақ iрiмшiктiң 25 түрiн шығармақ. Бұл моцарелла, гауда, сулугуни. Жылдық қуаттылығы — 700 тонна дайын өнiм. Қазiрдiң өзiнде 15 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды, оны 35-ке дейiн көбейту жоспарда бар.

Естерiңiзге сала кетейiк, маусым айында Петропавлда жылына 2,5 мың тонна iрiмшiк өндiретiн «Eurasian milk» жаңа сүт зауыты iске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы