Айырбастау пункттері терроризмді қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін

11 Ақпан 2022, 19:39
1553
Бөлісу:
Айырбастау пункттері терроризмді қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 500 мың теңгеден астам сомаға валюта айырбастау кезінде айырбастау пункттері клиенттен жеке басын куәландыратын құжатты және тұратын мекенжайын талап етуі тиіс.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметін хабарлады. 

Егер операциялардың сомасы 500 мың теңгеге дейін болса, клиент тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Бұл талаптар не үшін қажет?

Бұл талап қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл элементтерінің бірі болып табылады.

Алайда, Қазақстандағы жағдай мынадай, барлық айырбастау пункттері бұл ережелерді сақтамайды, яғни өз клиентін сәйкестендірмейді.

Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң айырбастау пункттерін клиенттерді сәйкестендіріп қана қоймай, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге, терроризмге байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін қадағалауға, сондай-ақ күдікті операциялар туралы қаржы мониторингі агенттігіне хабарлауға міндеттейді.

Күдікті операцияларға қолма-қол ақшаның ірі сомаларды тұрақты айырбастау, үшінші тұлғалардың қатысуымен валюта айырбастау, сыртқы келбеті күдікті адамдардың, терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елдерден келген шетел азаматтарының валюта айырбастауы жатады.

Алайда Қазақстанда қаржы операциялары туралы деректерді жинау жүйесінде тіркелмеген айырбастау пункттері де бар.

Оларға - "Royal валюта" ЖШС, "NURALI exchange" ЖШС, "МиК" ОП ЖШС, "Лидер Эксчейндж" ЖШС, "Константа-А" ЖШС, "Семей Валюта" ЖШС, "Ромик" ЖШС, "Ай-Ару и К" ЖШС, "I' asi 'na-Qazyna" ЖШС, "ТЕНГРИЯ" ЖШС жатады.

Қаржылық мониторингі агенттігі жоғарыда көрсетілген айырбастау пункттеріне WEB-СФМ порталында дереу тіркелуге және заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын орындамау, оның ішінде күдікті операциялар туралы хабарламаларды жібермеу кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысу ретінде бағалануы мүмкін және ҚР заңнамасында көзделген, айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензияны қайтарып алуға дейінгі жауаптылыққа әкеп соғады. Ұлттық Банк 2021 жылы 134 айырбастау пунктін жауапкершілікке тартты.

Қолма-қол ақшаның үлкен мөлшері көп жағдайда оның қылмыстық шығу тегі туралы куәландырады.

Осыған байланысты айырбастау пункттерінің барлық иелерін Қаржылық мониторинг агенттігіне шекті және күдікті операциялар туралы уақтылы хабарлауға шақырамыз.

Жүйеде тіркеуге, қаржылық операциялар немесе заңсыз ақшаны жылыстату типологиясы туралы хабарламалардың мазмұнына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда телефон арқылы хабарласуды сұраймыз +7 701 899 99 55 (Қанат Балаби, айырбастау пункттерімен өзара іс-қимыл кураторы).

Өзгелердің жаңалығы