Айыппұлды 50% жеңілдікпен қалай төлеуге болады?

5 Қыркүйек 2022, 21:07
1613
Бөлісу:
Айыппұлды 50% жеңілдікпен қалай төлеуге болады?

Ол үшін айыппұл салынған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде төлем жасалу керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егер сізге, мысалы, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынса, онда сіз айыппұлдың жалпы сомасының жартысын ғана төлей аласыз.

Ол үшін айыппұл салынған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде төлеу керек. 

Төлеу барысында келесі шарттардың сақталуы маңызды болады:

- құқық бұзушылық жасау фактісімен танысу;

-  айыппұлдың 50%-ын төлеуге келісу;

- ұсынылған дәлелдемелерге шағымданбау.

Айыппұлдың бар-жоғын тексеріп, оны:

E-gov порталында «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметі арқылы;

- Qamqor сайтында;

- Қазпошта сайтында;

- банктердің сайттарында және олардың мобильді қосымшаларында төлей аласыз.

Өзгелердің жаңалығы