"Айыппен келіспеймін". Бишімбаев кінәсін мойындамады

Экс-министр Қуандық Бишімбаев айыпты мойындамайтынын айтып, соттың ашық болуын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 primeminister.kz 11 Наурыз 2024 2024, 16:42
11 Наурыз 2024 2024, 16:42
1307
Фото: primeminister.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаев айыпты мойындамайтынын айтып, соттың ашық болуын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот барысында прокурор бұрынғы Ұлттық экономика министрінен "Кінәңізді мойындайсыз ба?" деп сұрақ қойды.

Айыптармен келіспеймін. Іс алқабилердің қатысуымен қаралса және сот БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық өтсе деймін, - деді Қуандық Бишімбаев сот барысында.

Еске сала кетсек, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлегені туралы жазған едік.

Наверх