Айтыстың болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор - Ғани Бейсембаев

16 Наурыз 2023, 16:45
1364
Бөлісу:
Айтыстың болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор - Ғани Бейсембаев
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Наурыз айтыс» жас ақындар айтысына қатысып жатқан студенттер мен оқушыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтыстың болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор - Ғани Бейсембаев

Елордада Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жас ақындар арасында «Наурыз айтыс» өтіп жатыр. Бұл іс-шара Наурыз мейрамы қарсаңында сөз өнерін, айтыс өнерін жастар арасында дәріптеу мақсатында өткізіліп отыр.

Айтыстың болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор - Ғани Бейсембаев

Айтыс жүргізушісі белгілі ақын, қоғам қайраткері Серікзат Дүйсенғазы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтау сөзін қатысушыларға жеткізді.

Министрлік атынан ұлыстың ұлы күні қарсаңында жас ақындар арасында өткізіліп отырған айтыс жұмысына сәттілік тілеймін. Айтыс өнерінің болашақ ұрпақ тәрбиелеуде, олардың бойында қайырымдылық, кішіпейілдік, мейірімділік, отан сүю сияқты ең асыл қасиеттерді бойына сіңіруде маңызы зор, - делінген министрдің құттықтау хатында.

Айтыстың болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор - Ғани Бейсембаев

Ведомство басшысы киелі өнерді дәріптеп, таланттарды танытатын ата-баба дәстүрі айтыс өнерін насихаттап жатқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Айтыстың болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор - Ғани Бейсембаев

Айтысқа қатысатын жастарға шалқар шабыт тілеймін. Іске сәт, - деді Оқу-ағарту министрі құттықтау хатында.

Айтыстың болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор - Ғани Бейсембаев

Бұған дейін «Наурыз айтыс» басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы