Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың сол жағалауындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұтанған өрт сөндірілді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2 мамырда сағат 21:52-де Нұр-Сұлтан қаласының "101" пультіне Мәңгілік Ел даңғылындағы "Айсанам" ТК өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сегізінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан және өрт сөндірушілер келген кезде жалын тоғызыншы қабатқа тарай бастаған, - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің арқасында сағат 22:10-де 35 шаршы метрді шарпыған жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамынан 25 адам және 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін астанадағы "Айсанам" тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.