Айсұлтан Назарбаев 30 жасында қайтыс болды

16 Тамыз 2020, 16:44
4448
Бөлісу:
Айсұлтан Назарбаев 30 жасында қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев бүгін түнде Лондонда қайтыс болды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. 


Алдын ала мәліметтер бойынша оның жүрегі тоқтаған. Басқа мәліметтер әлі белгісіз.  

Айсұлтан Рахатұлы 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Алдағы 26 тамызда 30 жасқа толатын еді.

Ол Қазақстанның тұңғыш Президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасындағы екінші ұлы.

Айсұлтан "Сандхерст" британ корольдік әскери академиясының түлегі. Бұл оқу орнын Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Уинстон Черчилль, Британ патшайымының немерелері Уильям мен Гарри бітірген.

Шетелдегі оқуын тәмамдап, еліне оралған соң Айсұлтан Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының штатына қызметке тұрды.

Ол әкесінің Австриядағы елшісі қызметін атқарған кезінде "Адмир Ваккер" клубында футбол ойнаған.  2006 жылы ол елорданың "Рахат" командасы сапында Қазақстанның бірінші лигасында екі матч өткізді, 2007 жылы Алматының "Железнодорожник" клубының құрамында болды. 

2006 жылы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріне қатысты. Біраз уақыттан кейін Британияның "Портсмут" командасында болды.


Өзгелердің жаңалығы