Аймағамбетов: «Жайлы мектеп» жобасы әлімжеттік мәселесін жойды

1 Қазан 2022, 14:53
1609
Бөлісу:
Аймағамбетов: «Жайлы мектеп»  жобасы әлімжеттік мәселесін жойды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Хабар 24» арнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сұхбат барысында министр «Жайлы мектеп» жобасына кеңінен тоқталды. 

Атының өзі айтып тұрғандай, «Жайлы мектеп» болады. Бұл жердегі мақсат – мектептегі орын салу емес, заманауи, сапалы ету мәселесі. Көп мектеп емес, көп жақсы мектеп салуды көздеп отырмыз. Мұның айырмашылығына тоқталсақ. Мысалы, қазір де мектептер көптеп салынып жатыр. Онда қандай проблема бар екенін бәріміз білеміз. Олардың жергілікті әкімдіктер салады. Жергілікті құрылыс басқармалары бар. Жалпы мектептерді салғанда өкінішке қарай сапасы бойынша көптеген мәселе туындайды. Ондағы құрал-жабдықтар, зертханалар, роботтехника кабинеттері жалпы заманауи талаптарға сай бола ма, болмай ма, неғайбыл. Мектеп құрылысы біткен соң ол жерде жүретін жол да, инфрақұрылымның жоқ екендігі анықталып жатады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, Мемлекет басшысы тапсырған «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. 

Жобаның тағы бір ерекшелігі – жаңа жобада 100% мемлекеттік стандартқа сәйкес толықтай жабдықталады. Екіншіден, бастауыш сыныпта оқитын оқушылар бөлек блоктан кіріп-шығатын болады. 1-4 сынып оқушыларында өздерінің жеке спорт залдары, асханалары, дәретханалары салынады. Бұл әлімжеттік секілді мәселелерді жоюға оң әсер ететіні белгілі, - деді Асхат Аймағамбетов. 

Өзгелердің жаңалығы