Аймағамбетов қандай пәндердің сағаттары көбейетінін айтты

3 Қыркүйек 2022, 11:26
24832
Бөлісу:
Аймағамбетов қандай пәндердің сағаттары көбейетінін айтты

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қандай пәндерді оқыту сағаттары көбейетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент жаратылыстану-математика цикліндегі және тілдік пәндерге басымдық беру туралы тапсырма берді. Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары бағдарламада ұлғаяды. Оқу бағдарламалары жаңартылады, -деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің атап өтуінше, халықаралық тәжірибеге сәйкес 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын көбейту, қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажетті оқу жүктемесі қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы