Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ресейдің Пермь мемлекеттік университетінде орын алған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.
Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Пермь университетіндегі атыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін.
Қазан мектебіндегі теракттан қайтыс болғандардың жақындарының жан жарасы әлі жазылмаған еді. Бұл трагедиялар елдің мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды және қауіпсіздікті күшейту қажеттігін тағы да көрсетіп отыр, - деп жазды министр парақшасында.
Оның айтуынша, олардың қорғаныс мәселесі әр оқу мекемесінің басшысы үшін алғашқы орында болуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берген болатын. Сондай-ақ бұл мәселе Үкімет отырысында нақты қаралып, әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға сәйкес тапсырмалар берілді. ЖОО басшылығына да оқу корпустарында да, жатақханаларда да қауіпсіздікті күшейту: жабдықтарды түгендеу, ЖБО бейнекамераларын шығаруды қамтамасыз ету, ЖОО рұқсатнамалық тәртіптемені күшейту және дағдарысты ахуалдар орын алған жағдайда әрекеттерді қамтамасыз ету бойынша сабақтар жүргізуге жеке тапсырмалар берілді, - деп атап өтті Аймағамбетов.
Министрдің сөзінше, қазіргі таңда министрлік өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру нысандарының лаңкестікке қарсы қорғанысын ұйымдастыру бойынша құжаттарды әзірлеген. Аталған НҚА жобасын бұқаралық талқылау кезінде 2000-нан астам теңдессіз сұрақтар мен пікірлер келіп түскен. Құжат кей азаматтардың қорқынышын тудырып, олар дабыл тұймесі, бейнебақылау жүйесін, турникеттер орнату мен төтенше жағдайлар орын алған кездегі әрекеттерге оқыту жүргізуге қарсы екендіктерін жазған.
Бірақ бұл шаралардың барлығы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталғанын жауапкершілікпен айтқым келеді. Әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шаралары қабылдануы тиіс. Әкімдіктер осы мәселелерді кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөледі. Бұл бейнебақылау камераларымен, күзет сигнализациясы, дабыл түймесі, ішкі істер бөлімшелерінің шұғыл басқару орталықтарына камералар шығару, рұқсатнамалық тәртіптеме мен қауіпсіздік жүйесінің өзге элементтерімен жабдықтау мәселелеріне де қатысты, - деп отыр еліміздің бас ұстазы.
Сондай-ақ техникалық іс-шаралардан бөлек, қызметкерлер мен оқушылардың өздерінің төтенше жағдайлар орын алған кезде әрекет ету шарттарын білуі және дайын болуы маңызды көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдегі Пермь мемлекеттік университетінде белгісіз біреу оқ жаудырғандығы туралы жазған болатынбыз. Қантөгіс салдарынан 8 адам ажал құшты.Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту мәселесі де өте өзекті болып табылады. Біз бұл аспектіге өте айрықша мән береміз, - деді ол.