Аймағамбетов: Білім сапасы оқытушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты

16 Қараша 2021, 12:22
1288
Бөлісу:
Аймағамбетов: Білім сапасы оқытушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім саласындағы оқытушыларды қағазбастылықтан арылтып, сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін мүмкіндік туғызамыз.

Бұл туралы Үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов айтты.

Білім сапасы бірінші кезекте оқытушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан әріптестеріміз үшін қолайлы жағдай жасау басты назарда. Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында биылғы қыркүйек айынан бастап оқытушылардың жалақысы 2 есеге жуық көтерілді, - деді Үкімет отырысында министр.

Министрдің мәлімдемесіне сүйенсек, оқытушыға бір ставкаға минималды түрде – 200 мың теңге, ғылым кандидатына – 260 мың теңге, ғылым докторына – 350 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін жалақы төлеу бойынша шешім қабылданған.

Үлкен оқу жүктемесі мен қағазбастылық педагогтерді сабаққа толыққанды дайындалуға қиындық туғызғаны белгілі. Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысандарын да 35%-ға қысқарттық. Бұл шара да әріптестерімізге сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін мүмкіндік берері сөзсіз, - дейді Білім және ғылым министрі.


Өзгелердің жаңалығы