Аймағамбетов оқу жылын ұзарту қандай нәтиже беретінін айтты

16 Тамыз 2022, 10:45
1228
Бөлісу:
Аймағамбетов оқу жылын ұзарту қандай нәтиже  беретінін айтты

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов  айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біз бір-бірімен байланысты екі маңызды шешім қабылдадық. Бір жағынан ол оқушылар үшін оқу жүктемесін азайту, екінші жағынан оқу жылының аяқталуын 31 мамыр қылып бекіту. Бұл мәселе бірнеше кешенді проблеманы шешеді. Бүгінгі таңда 5 күндік оқу форматына көше алмай жүрген 1,5 млн бала бес күндік форматқа көшеді. 1,5 млн бала үшін қосымша 36 демалыс күні пайда болады. Бұл 36 күнді балалар өз ата-аналарымен секцияларға баруға, басқа демалыстарға баруға мүмкіндік алып отыр, - деді Аймағамбетов. 

Ол атағандай, биыл 100-ден астам мектептің үшауысымға өту қаупі болған. 

Осы қабылданған шешімнің арқасында осы үшауысымға өтетін үш мектеп екіауысымда оқуын жалғастырады. Үшіншіден, бізде 1,5 млн-анан астам бала түстен кейін оқиды. Оқу жүктемесін азайюына байланысты кабинеттер де босайды. Соған байланысты 300 мыңнан астам бала бірінші ауысымға ауысады. 300 мың мұғалімнің 150 мыңы 36 сенбі демалыс болғандықтан, олар демалады. Жалпы 3,6 млн бала үшін оқу жүктемесі азаяды. Бірақ қабылданған шешім білім сапасына әсер етпейді,- деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы