Аймағамбетов: Мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына уақытылы шығуы керек

27 Мамыр 2021, 18:44
4261
Бөлісу:
Аймағамбетов: Мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына уақытылы шығуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте айтты.

Біздің барлық әріптесіміз – мұғалімдер уақытылы еңбек демалыстарына шығуы керек. Толығымен мұғалімдердің 56 күндік еңбек демалысына шығуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті барлық басшыларға осы мәселе бойынша тапсырманы тағы бір мәрте беремін, - деп тапсырма берді Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр педкеңесте 2021-2022 оқу жылына дайындалатын нұсқаулық хатта пандемия жағдайының ерекшелігін ескеру қажеттігін айтты.

Осы оқу жылында қашықтан оқығанды ескеру керек. Бала 6-сыныпқа аяқ басса, ештеңе болмағандай 6-сыныптың бағдарламасын өткізе бермеу керек. Нақты топтарды білім сапасы бойынша кемшіліктер болғанын ескерген жөн. Сондықтан бағдарламаны балаларға бейімдеу керек, - деп айтты ол.

Министр Асхат Аймағамбетов әдістемелік құжатта аталған мәселелерді ескеруді тапсырды.

Еске сала кетейік, еліміздің мектептерінде 26 мамырдан бастап жазғы мектептердің жұмысы басталды. Оған ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар қабылданды. Жазғы мектептер 19 маусымға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы