Аймағамбетов мектепте жиі туындайтын мәселенің нүктесін қойды

27 Мамыр 2021, 19:00
38541
Бөлісу:
Аймағамбетов мектепте жиі туындайтын мәселенің нүктесін қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте жыл сайын оқу жылы аяқталғанда ата-аналардан сұратылатын қолхат мәселесі туралы айтты.

Балаларға 20 маусымға дейін бар оқулықтарды таратуды қолға алуды тапсырды.

Бізде баяғыдан қалыптасып қалған, бірақ ешқандай қажеттілігі жоқ тәжірибе бар. Ол – оқу жылы аяқталғанда ата-аналар қолхат алу. Осы ретте «Оны не үшін аламыз? Оның қандай көмегі бар? Не береді?» деген сұрақтар туындайды. Қолхаттың ешқандай қажеттілігі жоқ. Ата-аналар хатты берсе де, бермесе де жазғы уақытта өз балаларына заң жүзінде жауап береді, - деп түсіндіріп берді Білім және ғылым министрі.

Ол мектептің баланың жазғы каникулдағы уақыты бойынша сұрауды тоқтату керегін айтты.

Мұғалім 56 күн бойы еңбек демалысында болса, ол балаға қалай жауап береді? Мұғалім демалыс кезінде демалып, жаңа оқу жылына дайындалу керек екені түсінікті. Каникулда жүрген баланы сұрап қалады деп мұғалім уайымдамауы керек. Осыған нүкте қоюымыз керек, - деп толықтырды Асхат Аймағамбетов педагогикалық кеңесте.

Еске сала кетейік, бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалық етуімен республикалық педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте оқу жылының қорытындысы шығарылып, білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері қаралды.

Іс-шараға педагогтер, әдіскерлер, облыстық білім басқармаларының басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің меңгерушілері, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Бұған дейін ол мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына уақытылы шығуы керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы