Аймағамбетов ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің балаларына қандай жеңілдік көрсетілетінін айтты

22 Қараша 2022, 12:54
895
Бөлісу:
Аймағамбетов ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің балаларына қандай жеңілдік көрсетілетінін айтты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің балаларына қандай жеңілдік көрсетілетінін айтты. Министр бұл туралы ведомствоның аппарат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз жақсы білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз борышын өтеу кезінде қайтыс болған полиция, өрт сөндіру, әскери қызметкерлердің балаларына білім беру саласы бойынша белгілі бір деңгейде жеңілдіктер беруге қатысты тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың аясында біраз жұмыс жүргізілді. Соның ішінде балабақшаларға балаларды кезексіз қабылдау, ЖОО-ға грантқа түсу мәселесі шешімін тапқан болатын. Ендігі кезекте ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің балаларына колледжде оқуға грант алуы және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде квота бойынша оқуы мәселесін шешіп жатырмыз, - деді Асхат Аймағамбетов аппарат отырысында.

Министр бұл мәселе жақын арада толығымен шешілетінін хабарлады.

Ерлік көрсеткен азаматтардың үлгісін тәрбие беру жұмысында барлық балаға айтып, жеткізуіміз керек. Өйткені бұл – ерлік. Ерлік көрсеткен азаматтардың есімі ел есінде болуы керек, - деп түсіндірді ол.

Аймағамбетов жеңілдіктерді енгізу бойынша тиісті жұмысты істеп жатқанын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы