Аймағамбетов донор болуға көзқарасы қалай екенін айтты

24 Қаңтар 2024, 12:42
5044
Бөлісу:
Аймағамбетов донор болуға көзқарасы қалай екенін айтты
Фото: автордан

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәйіт донорлығына дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат бұл жайлы Мәжілістің кулуарында журналистердің сұрағына жауап бергенде айтты.

Бұл мәселе бойынша (мәйіт доноры болу - ред.) бізде заң жобасында бекітілген норма бар. Сондықтан оған әртүрлі спекуляция жасап айту қиын. Бұл - әр азаматтың өз шешімі. Егер айтылған ұсыныстар болса, Парламентке келіп арнайы енгізу керек болады. Ондай түзету бойынша бастама болса сол кезде талқылаймыз. Мен өз ойымды айтатын болсам, ондай шешімге дайынмын. Себебі бұл жерде өз шешімімізді ғана айтуымыз керек. Бұл өте нәзік мәселе. Әр азаматтың діни ұстанымы, сенімі, дүниеге көзқарасы бар. Әр азаматтың өз шешімі бар, - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы