Аймағамбетов: Бұл жобаға білім бөлімдері мен басқармалары жаны ашып қарамаса, онда ештеңе өзгермейді

22 Қараша 2022, 14:46
837
Бөлісу:
Аймағамбетов: Бұл жобаға білім бөлімдері мен басқармалары жаны ашып қарамаса, онда ештеңе өзгермейді

Бұл жобаға білім бөлімдері мен басқармалары жаны ашып қарамаса, онда ештеңе өзгермейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат отырысында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ай сайын көтеріп отырмыз. Ол жеке бақылауымызда болса да, кейбір өңірлер бұл жобаны дұрыс орындамай отыр. Президент тапсырмасы бойынша министрлер халық алдында есеп беріп жүр. Аптасына бір рет өңірлерге шығып, мектеп, балабақша және колледждерді аралап жүрміз. Іссапар кезінде «Оқуға құштар мектеп» жобасының барлық өңірде бірдей, сапалы іске асырылмай келе жатқанын көріп отырмыз, - деді министр.

Ол Абай облысы Приречное ауылы мектебіндегі жағдайды мысалға келтірді.

Қаншама жыл бойы балаларға қызық әдебиеттер, көркем әдебиеттер сатып алынбаған. Кей өңірлерде жеткілікті деңгейде бұл жұмыс жүргізіледі. Ал кей жерлерде тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл тек директорлардың деңгейінде ғана шешілетін мәселе емес. Егер бұл жобаға білім бөлімдері мен білім басқармалары жаны ашып қарамаса, онда ештеңе өзгермейді, - деді Асхат Аймағамбетов аппарат отырысында.

Өзгелердің жаңалығы