Аймағамбетов бала сабағына араласпайтын ата-аналарға кеңес берді

17 Тамыз 2022, 12:20
2580
Бөлісу:
Аймағамбетов бала сабағына араласпайтын ата-аналарға кеңес берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бала сабағына кіріспейтін ата-аналарға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде әртүрлі зерттеулер бар. Оның ішінде TIMSS зерттеуі бар ол балалардың  үлгерімін анықтайды. Сондай-ақ PISA атты халықаралық зерттеу бар. 2019 TIMSS зерттеуімен 4 сынып оқушыларының үлгерімін қарадық. Сонда олардың үлгеріміне қандай факторлар әсер етті деген сұраққа жауап іздедік, - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, зерттеудің арқасында нақты факторлар анықталған.

Зерттеу нәтижесінде орташа есеппен алғанда үйдегі ата-аналары балаларына көмектесіп, балаларының оқуына араласатын отбасында бағалары әлдеқайда жоғары болды. Ал бала сабағына кіріспейтін, оған немқұрайлы қарайтын ата-аналардың балаларының орташа бағасы  20-25 балл. Бұл нақты көрсеткіш, - деді Асхат Аймағамбетов «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты Республикалық Тамыз конференциясында.

Осы факторларды айта келе, министр баланың кәсіби жетістікке жетуі оның ата-анасымен бірге кітап оқуы мен білім алуға деген жағдайының толықтай жасалуына байланысты екенін айтты.

Еске сала кетейік, бүгін елордада «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты Республикалық Тамыз конференциясы өтті. Шараны «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға еліміздің барлық облыстарынан 800-ге жуық белсенді ата-ана қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы