Аймағамбетов 50 ғалымға 6 миллион теңгеден табыстады

5 Ақпан 2022, 15:33
1609
Бөлісу:
Аймағамбетов 50 ғалымға 6 миллион теңгеден табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Үздік ғылыми қызметкер – 2021" байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің телеграм арнасында жарияланды.

Министрліктің хабарлауынша, жеңімпаздар 6 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы алды. Лауреаттарға төсбелгілер мен сертификаттарды министр Асхат Аймағамбетов табыстады.

Айта кетері, мұндай байқау алғаш рет өткізіліп отыр. Алты ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды.

Биылдан бастап отандық ғылым саласы дамуының жаңа кезеңі басталды. 3 мыңға жуық ғалым жобасына грант ұтқан-ұтпағанына қарамастан тұрақты түрде жалақы алады. Тұрақты қаржыландыру зерттеулерді кедергісіз жүргізуге мүмкіндік береді. Грант және мақсатты қаржыландыру механизмін өзгерттік. Соңғы жылдары ғылым саласын қаржыландыру екі есе өсті, – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
 

Өзгелердің жаңалығы