Аймақтардағы мектептер онлайн оқытуға дайын емес – Павел Казанцев

21 Тамыз 2020, 13:08
1740
Бөлісу:
Аймақтардағы мектептер онлайн оқытуға дайын емес – Павел Казанцев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта елімізде 3,3 миллионнан астам оқушы бар, және олардың көпшілігінде қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлік жабдықтар жоқ. Бұл жайында «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев карантин жағдайында мектептерді компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге арналған отырыста айтты, деп жазды nurotan.kz.

Аймақтардағы мектептер мүлде дайын емес: республикадағы 24 мыңға жуық мұғалімнің онлайн-білім беруді ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтары жоқ, ал тағы 2 мыңы үшін интернет қол жетімді емес.
Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда еліміздің барлық аймағында мұқтаж студенттерді және оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр, көптеген елді мекендерде жоғары сапалы интернетке қол жетімділік проблемалары әлі де бар, демек, оқу процесінің сапасын жоғалтудың нақты қаупі бар, - деді Партиялық бақылау комитетінің төрағасы.

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғараның келтірген мәліметіне сүйенсек, компьютерлері жоқ оқушылар ең көбі Батыс Қазақстанда - 64% (68 825 оқушы), Жамбылда - 42,5% (99 852 оқушы), Алматыда - 38,9% (87 527 оқушы); Маңғыстауда - 32,4% (49 652 оқушы); Ақтөбе - 28,1% (44 485 оқушы); Түркістанда - 22,3% (111 555 оқушы); Ақмолада - 23,9% (31 656 оқушы). Республикамызда 402 462 оқушыда үйде қолданатын интернет жоқ.

Ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында - 23,6%, Түркістан облысында - 22,3%, Жамбыл облысында - 19,5%, Алматыда - 19%. Негізінен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютермен және интернетпен қамтамасыз етіледі. Қазір олар 500 мыңнан астам. 
Бүгінгі таңда оқушаларға 155 627 компьютер берілді. Қалған аймақтар бүгіннен бастап бере бастайды.

«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, жақында өткен үкімет отырысында жетім балалар, тұрмысы төмен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды компьютермен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы білім және ғылым министрлігі ұсынған мәліметтердегі сәйкессіздікке назар аударды. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, бұндай қажеттілікке ие оқушы саны 450 мыңнан асып жығылады. Алайда премьер-министрдің айтуынша 500 мыңнан астам.
Сондай-ақ, ол 1 қыркүйекке дейін мектептерді компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін жарияланған немесе есептелген сұраныстың тек 2% -ы ғана қамтылады. Ал 1 қыркүйектен кейін компьютер ала алмайтын отбасылар, әсіресе табысы төмен және көп балалы отбасылар туралы не айтуға болады? Осы 2% компьютер қалай таратылады? - деп орынды сұрақ қойды Казанцев. 
Өз кезегінде білім министрлігінің өкілдері қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жұмысына үшін барлық күш-жігерлерін салатындықтарына сендірді. Министрдің орынбасары Рүстем Биғараның айтуынша, қазіргі уақытта өңірлерде 299 736 дана компьютер бар. Жергілікті атқарушы органдар тағы 132 мың компьютер сатып алады. Жабдықтардың жетіспеушілігін жою үшін құралдарды сатып алуға мемлекеттік резервтен 75 млрд теңге бөлінді. Басқа да бірқатар шаралар пысықталуда.



Өзгелердің жаңалығы