Аймағамбетов: Мұғалімдер жалпы киберпедагогика бойынша курстан өтті

10 Қыркүйек 2020, 12:43
3087
Бөлісу:
Аймағамбетов: Мұғалімдер жалпы киберпедагогика бойынша курстан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Педагогтар жаз уақытында тиісті дайындық курстарынан өтті. Бір емес, бірнеше курстарды оқыды. Біріншеден, кибергигиена, киберқауіпсіздік мәселесін бердік. Жалпы киберпедагогика проблемаларын үйреттік. Екіншіден, IT саласы бойынша дағдыларын дамыту бойынша сабақтар берілді. Ары қарай да әріптестеріміз бұл жұмысты жалғастыратын болады. Кезінде университеттердің бағдарламасында қашықтан оқыту технологиясы бойынша мұндай мәселе болған жоқ. Бұл жаңадан шыққан бағдарлама, - деді министр.
Аймағамбетов қашықтан және дәстүрлі оқыту салыстыруға келмейтінін сөз етті.
Қашықтан оқытуды дәстүрлі оқытумен салыстыратын болсақ, ол бірдей емес. Оны білеміз. Басқа мемлекеттерде де ауқымды зерттеулер өткізілген. Сондықтан біздің алдымызда тұрған басты мәселе – білім деңгейін түсірмейтіндей барлық жұмысты жасау. Осы мәселе өткеннен кейін, үлкен ғылыми зерттеу жүргізіп, балалардың білім сапасы бойынша жұмыс жасалатын болады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы