Әйгілі француз компаниясы республикалық тасжолдарда көпір салуға ниетті

26 Тамыз 2022, 20:05
740
Бөлісу:
Әйгілі француз компаниясы республикалық тасжолдарда көпір салуға ниетті

ҚазАвтоЖол басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда жол құрылысы саласын  дамыту үшін  беделді әлемдік компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай, Қоғамның техникалық саясат пен сапа қадағалау Департаментінің бастамасымен VINCI S.А. - франциялық құрылыс компания өкілдерімен екіжақты кездесу ұйымдастырылды.

VINCI S.А.  -  әлемдік беделі зор құрылыс компаниясы. Оның құрамына  Soletanche-Freyssinet Group (Солетанш Фрейссине) компаниясы  кіреді. Жол,   көпір мен туннель құрылысын   жобалау мен салуға бейімделген. Бұл мекеме әлемнің бірқатар елдерінде 290 мың жобаны жүзеге асырған. Атап айтсақ, Грекиядағы атақты Рион–Андирион көпірі, Ыстамбулдағы Босфор бұғазының үстінен өтетін Селим Явуз көпірі, Шамбал (Үндістан), Живописный (Мәскеу) көпірлері.   

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікке мүдделі екендіктерін білдірді. Осылайша, осы шетелдік компанияны көпір құрылыстарын салуға, сондай-ақ республикалық жол желісінде орналасқан қолданыстағы көпірлерді жөндеу мен күтіп ұстауға тарту мәселесі қозғалды.  Сондай-ақ  VINCI С.А. еліміздегі қазіргі көпірлердің техникалық жай-күйін бірлесіп тексеруді ұсынды. 

Өзгелердің жаңалығы