Әйелдердің кейде барар жері, басар тауы болмайды – Елбасы

25 Қараша 2020, 13:09
4099
Бөлісу:
Әйелдердің кейде барар жері, басар тауы болмайды – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде айтты. 

Алға қойған міндеттерді іске асыру үшін саяси мақсат емес, жарқын болашақтың қамы керек. Елдің жүгін Nur Otan ғана көтере алады. Олай болса, бір кісідей білек сыбанып, аянбай жұмыс істейік. Сөйлеген делегат арасында керемет жақсы ойлар болды. Әлия Әбсеметова әйелдер туралы жеке бір орган болу керек деп ұсынды. Үкімет бір қарап шықсын. Бұл қалай екен? Бізде шынымен де, әйелдерді қолдайтын министрлік пен комитеттер бар. Мүмкін керек болса, министрлік пен комитетке барады. Олар шеше ме, кім шешеді? Оның барлығы жергілікті жерлерде шешілетін болады, - деді ол. 

Елбасы әйелдер мәселесін қарау керек екенін айтты. 

Көп оқиға бар. Карантин кезінде отбасындағы талан-тараж көбейіп кетті. Отбасындағы қылмыс артты. Әйелдердің барар жері, басар тауы болмай қалады кейде. Балалар қиналады. Сондықтан керек болса, оны қарау керек, - деді ол. 

Айта кетейік, Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде партия сайлауға түсетін партиялық тізімді бекітті.

Өзгелердің жаңалығы