Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Жеке сындағы үздік үштік бұрынғыша қалды: бірінші орында польшалық Ига Свёнтек, одан кейін тунистік Онс Жабер және америкалық Джессика Пегула.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина – 22-ші позицияда қалды. Юлия Путинцева 51-ші орынға тұрақтады.
Жұптық разрядтағы ТОП-3 те өзгерген жоқ: Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия).
Қазақстандық «жұптардың» арасында ең мықтысы Анна Данилина 11-ші орынды сақтап қалды, Жібек Құламбаева бір позициясын жоғалтып, 201-ші орынға тұрақтады.