Жыныстық зорлық-зомбылықты тексеру ісін жүргізу тергеуші әйелдерге жүктеледі

24 Қаңтар 2021, 13:36
1858
Бөлісу:
Жыныстық зорлық-зомбылықты тексеру ісін жүргізу тергеуші әйелдерге жүктеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеуші әйелдер тергейтін болады. Бұл туралы  Polisia.kz деп хабарлады. 

Әйелдер мен кәмелетке толмағандар күн сайын жыныстық сипаттағы қылмыстардың құрбанына айналуда. Бұл туралы ІІМ Алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 

Ол осындай қылмыстарды тергеумен айналысатын тергеушілердің мамандануын қамтамасыз етуді және әйел қызметкерлерді жыныстық қылмыс құрбандарымен жұмыс істеуге дайындауды және оқытуды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Бұл бағытқа жауапты ретінде тәжірибелі қызметкерлерді бекіту, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау жөніндегі бағдарламаны кеңінен қолдану және дербес деректердің құпиялылығын мүлтіксіз сақтау қажет, – деді министрлік басшысы.

Өзгелердің жаңалығы