Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды

2 Қазан 2023, 22:38
832
Бөлісу:
Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды
Фото: Артём Чурсинов

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда "Атамекен" құрамында 18 комитет бар.

Комитет Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қажетті шаралар кешенін әзірлеу, сараптамалық бағалау және ілгерілету, әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мақсатында құрылды, - дейді "Атамекен" басқарушы директоры Айдана Тоғызбаева.

Палатаның құрылымдық бөлімшесі – жұмыспен қамту және шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаменті жаңа комитеттің жұмыс органы болды.

Хабарламада аталып өткендей, бүгінде Ұлттық палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесінде 2 мыңға жуық кәсіпкер әйел бар.

Өзгелердің жаңалығы