Айдос Ербосынұлы WBA рейтингінде көш бастады

2 Ақпан 2021, 20:04
1841
Бөлісу:
Айдос Ербосынұлы WBA рейтингінде көш бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингінде көш бастады, деп жазады Prosports.kz сайты.

WBA рейтингінде Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақта бірінші орынға көтерілді. Оның қанжығасында WBA International белбеуі бар. Сондай-аз бұл салмақта жұдарықтасатын Серік Мұсаділов үздік 15-ке кірді.

 

Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанын айында өткізді. Онда отандасымыз ганалық Исса Самирді нокаутқа жіберген болатын. Ал Евгений Шведенко Санкт-Петербургте Артур Осиповты жеңді.

Өзгелердің жаңалығы