«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 43 команда қатысады

18 Маусым 2023, 20:16
527
Бөлісу:
«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 43 команда қатысады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

IX «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны қонақтарды қарсы алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысына «Айбын» жастар жиынына қатысу үшін әскери-патриоттық клубтар келіп жатыр.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 43 команда қатысады

«Шахтерлер астанасының» теміржол вокзалына алғашқы боп, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы әскери-патриоттық клубтарының өкілдері, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларының «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері келіп жетті. Ұйымдастырушылар жиынға қатысушыларды әскери оркестр үнімен қарсы алды.

Мен өз облысымның атынан халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысып отырғанымды мақтаныш етемін. Бізге үлкен жауапкершілік жүктелді және осы сайыста жеңіске жету үшін бар күшімізді салуға дайынбыз, – деп ағынан жарылды Жамбыл облысы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшесі Әсел Айтбай.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 43 команда қатысады

IX «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны 17-23 маусым аралығында Қарағанды маңындағы «Спасск» оқу орталығында өтеді. Патриоттар форумына Қазақстанның барлық өңірінен барлығы 43 команда қатысады. Әзербайжан мен Өзбекстан әскери-патриоттық клубтарының командалары алғаш рет қатысқалы отыр.

Өзгелердің жаңалығы