Айбын-2023: Арыстық жастар әскери-патриоттық сайыста ІІI орын иеленді

26 Маусым 2023, 21:10
1251
Бөлісу:
Айбын-2023: Арыстық жастар әскери-патриоттық сайыста ІІI орын иеленді
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Айбын – 2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Арыстың жастары Түркістан облысының намысын қорғап, жүлделі ІІI орын иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Арыс жұрты «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ІІI орын иегерлері «Арыс» құрама командасын салтанатпен күтіп алды.

Күтіп алу шарасына қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, Арыс қалалық Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының басшысы Мөлдір Сарыпбекова мен орталық қызметкерлері, ардагерлер және жас жеңімпаздардың туған-туыстары қатысты.

Салтанатты шарада қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков құттықтау сөз сөйлеп, шынайы лебізін білдірді.

Арыс елі ақын-жыраулармен қатар, елін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлар да шыққан қасиетті мекен. Бабалардан бастау алатын батылдықтың сара жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Бүгінде Арыстың айбынды жастары халықаралық әскери-патриоттық жиында жалпы командалық есепте жүлделі IІІ орынды иеленуі соның дәлелі. Жеңімпаз жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз!, - деді Момбеков.

Өзгелердің жаңалығы