Айболат Жәудір: Карантиннің ұзаруы адамдардың өздеріне байланысты

27 Сәуір 2020, 17:15
1710
Бөлісу:
Айболат Жәудір: Карантиннің ұзаруы адамдардың өздеріне байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент жасаған мәлімдемесені сәйкес М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Айболат Жәудір пікірін білдірді. 

Қазіргі таңда ең бірінші мәселе - халықтың амандығы. Сондықтан Президентіміз жариялаған мәлімдемесімен толықтай келісемін. Дәрігерлерге, басқа да қызмет саласының мамандарына көрсетіліп жатқан көмек қазіргі уақытта керек деп ойлаймын. Менің ойымша, мұқтаж жандарға төленіп жатқан жәрдемақылар, олардың азық-түліктермен қамтамасыз етілуі - өте сауабы мол іс. Осы орайда қызмет атқарып жатқан еріктілердің қызметін ерекше атап өткен жөн. Демалыссыз, қаланың әрбір мұқтаж жанына қол ұшын созып, қажет заттармен қамтамасыз етуде, - деді театр басшысы. 
Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының басшысы Төтенше жағдай режимі мерзімінің ұзартылуына қатысты ойын айтты.
Сонымен қатар, төтенше жағдай мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды. Алдағы уақытта жағдайдың қалай болары белгісіз. Мүмкін ұзартылғаны дұрыс та шығар. Егер елдегі жағдай ахуалы нашарлап, аурудың саны көбейіп жатса, әрине, одан әрі де созылуы мүмкін деп ойлаймын. Бірақ бұның барлығы өзімізге байланысты. Барлық ережені сақтап, қорғансақ, үйден шықпай, карантин режимін сақтайтын болсақ, аурудың таралмауына септігімізді тигізетініміз сөзсіз, - деді Айболат Жәудір.
Өзгелердің жаңалығы