Айбек Дәдебай: «Сіздердің сенімдеріңіз – біз үшін үлкен жауапкершілік»

Оның сөзінше, сайлауалды науқан барысында партия өкілдері еліміздің өңірлерін аралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен көтерген мәселелерін тыңдаған.

24 Тамыз 2026, 00:52
АВТОР
 24 Тамыз 2026, 00:52
24 Тамыз 2026, 00:52
159

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай депутаттарын сайлаудан кейін сайлаушыларға үндеу жасап, білдірген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтты.

Оның сөзінше, сайлауалды науқан барысында партия өкілдері еліміздің өңірлерін аралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен көтерген мәселелерін тыңдаған. Айбек Дәдебай олардың барлығы партияның алдағы жұмысында ескерілетінін атап өтті.

«Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз», – деді партия төрағасы.

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясына қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтып, сайлаушылар сенімі партияға үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.

Наверх