Аян Сакошев: Бұл - жастар жағдайын зерделеудің жаңа бағыты

15 Қаңтар 2021, 21:39
1834
Бөлісу:
Аян Сакошев: Бұл - жастар жағдайын зерделеудің жаңа бағыты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі. Осыған орай «Жастар» ҒЗИ директоры Аян Сакошев Мемлекет басшысының бастамаларына қатысты пікір білдірген еді.

Президент бүгінгі сөзінде Мәжіліс алдында нақты тапсырмалар мен мақсат-міндеттерді айқындап берді. Бұл мақсат-міндеттер қоғамды толғандыратын өзекті бағыттардан тұрады. Онда әр қазақстандық азаматты қамтитын және оның күнделікті өміріне қатысты мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы жастар мәселесіне де ерекше назар аударды. Оның ішінде жастардың өзін-өзі дамытуға жағдай жасау бағытындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына тоқталды. Жастардың даму индексін жасақтау бойынша тапсырма берілді. Бұл халықаралық тәжірибеге яғни, БҰҰ және дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне негізделген индекс. Ол жастарға қаншалықты көңіл бөлініп жатыр, жастардың даму деңгейі қандай, олардың өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға байланысты мемлекет тарапынан бөлінген назардың деңгейі қандай екенін бағамдауға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Сарапшы бұл индекс арқылы білім беру, жұмыспен қамту, азаматтық белсенділік бағыттары бойынша Қазақстанның әрбір өңіріндегі даму деңгейінің қаншалықты екенін де айқындауға болатынын айтады.

Елімізде мұндай индекстің енгізілуін Қазақстан жастарының әрі қарай дамуына және олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін жақсартуға бірден бір қадам ретінде қарастыруға болады. Халықаралық тәжірибеге негізделген индекстің болуын  жергілікті мемлекеттік мекемелер тарапынан жастар мәселесіне көңіл бөлуді одан әрі кеңейтіп, рөлін жоғарылатуға бағытталған қадам деп білеміз, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы