Аялдаманы сындырған екі жігіт полицияға жеткізілді

18 Ақпан 2021, 03:37
1388
Бөлісу:
Аялдаманы сындырған екі жігіт полицияға жеткізілді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте екі жігіт аялдаманың шынысын сындарғандығы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 ақпанында таңғы сағат 6:00 шамасында Шымкент қаласының полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Сұңғат Абилов аумақты патрульдеу барысында Абай даңғылында орналасқан «Радуга» автобус аялдамасының шыны қабырғасының сынғанын байқаған. Тәртіп сақшысы бұл туралы Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел хабарлап, вандалдарды іздеуге кіріскен. 

Инспектор оқиға орнына жақын жерде жүрген екі жігітті байқап, тоқтатады. Тексеру барысында азаматтардың бірінің ұялы телефонында олар аялдаманың шынысын сындырып жатқан бейнежазбасы анықталды.

19 жастағы екі азамат полицияға жеткізілді.  Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін азаматтардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы