Аягөзде «инватакси» қызметі пайда болды

26 Маусым 2021, 21:03
1636
Бөлісу:
Аягөзде «инватакси» қызметі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айынан бастап іске қосылған бұл қызметті Аягөз қаласының тұрғындарымен қатар, қалаға жақын орналасқан Мамырсу ауылының мүмкіндігі шектеулі тұрғындары да пайдалана алады, деп хабарлады ustinka.kz.

Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Аягөз аудандық мүгедектер бірлестігі ішінен ашылған «Айым» ЖШС аудан тұрғындарына ыңғайлы такси қызметін ұйымдастырып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың (тірек-қимыл аппараты бұзылған және зағип жандар) қоғамға толыққанды араласуына, олардың мұқтажына қарай қала көлеміндегі қоғамдық орындарға уақтылы жеткізілуі қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда «Инватакси» қызметіне арнайы медициналық анықтама алу арқылы жасақталған тізімде 30 азамат бар. Қызметті үкіметтік емес ұйым, яғни Аягөз аудандық "Мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі көрсетуде, - дейді аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Жанар Мустафаева.

Маманның айтуынша, аудандағы басқа да аудандарда әр ауылда инватакси қызметін енгізу үшін сол ауылдағы қызметті пайдалана алатын мүмкіндігі шектеулі жандар саны 30-дан асуы керек.

Жұмыспен қамту бөлімі ұсынған тізім негізінде жұмыс жасаймыз.Такси қызметін пайдалану үшін тапсырыс бір күн бұрын қабылданады. Инватаксимен әлеуметтік маңызы бар орындарға тасымалдаймыз: ХҚКО, аурухана, әкімдік, мемлекеттік мекемелер, жұмыс орындарына барып-келу, спортпен айналысу орындарына, саябақтарға апарып-алып келу. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдайтын 2019 жылғы жаңа газельді "Халық банктің" Семейдегі өңірлік филиалы сыйлаған болатын. Бұл арнайы арбада отырған және тірек-қимыл аппараты зақымданған жандарға арналған. Ал тағы бір жеңіл көлік бар, өған зағип жандар өздерін ертіп жүретін әлеуметтік қызметкерлерімен отыра алады, - дейді "Мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рауза Керимова.

Рауза Керимова бұл ыңғайлы қызметтің игілігін өзге ауылдың да тұрғындары көретін күн алыс емес екенінен үмітті. Аягөзде ересек мүгедек жандарға арналған толығымен қажет заттармен жабдықталған оңалту орталығы ашылса деген арманымен де бөлісті.


Өзгелердің жаңалығы