Аягөзде аллея салынады – ШҚО

12 Шілде 2022, 08:51
2016
Бөлісу:
Аягөзде аллея салынады – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз ауданының орталығына аллея салынады. Бұл туралы аудан әкімі Сейілбек Ысқақов мәлімдеді, деп жазды altaynews.kz.

Бүгін Қабанбай батыр көшесіндегі (Битан тау) аллея құрылысының жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме өкілімен кездестім. Кездесу барысында болашақта қала тұрғындары мен қонақтары демалатын нысан құрылысының сапалы салынуын басты назарда ұстау керектігін ескерттім, – деп жазды аудан әкімі.

Сонымен қатар Сейілбек Ысқақов Аягөз балалар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Орталықтың қызметкерлерімен еркін сұхбат жүргізіп, көтерген сауалдарына жауап беріп, қалада атқарылып жатқан жұмыстардан ақпарат бердім. Мекемеге қосымша салынған нысанды аралап, мердігер мекеме өкіліне анықталған ақаулықтарды жоюды тапсырдым, – дейді Аягөз ауданының әкімі.

Өзгелердің жаңалығы