Аягөзде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

1 Наурыз 2024, 20:43
2452
Бөлісу:
Аягөзде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Фото: Абай облысының әкімдігі

Аягөз ауданында баспана кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, мемлекеттік тұрғын үй қорынынан 28 отбасыға Аягөз қаласында жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер берілді. Баспананы «әлеуметтік жағынан осал топ» ретінде кезекте тұрған отбасылар алды.

Халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Осы бағытта аудан көлемінде жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады, - деді аудан әкімі Қанат Әділбай.

Еске салсақ, аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.

Айта кетейік, Аягөз ауданында тұрғын үй алу кезегінде 1445 азамат тіркелген. Оның ішінде әлеуметтік осал топта - 667 азамат, көпбалалы отбасы санатында - 271 азамат, жетім балалар немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санатында - 203 бала, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме жұмысшылары санатында - 287 азамат, заңнамаға сәйкес үйі апатты деп танылған азаматтар кезегінде - 17 отбасы бар.

Өзгелердің жаңалығы