Аягөзде 20 тонна жанармайы бар цистерна жалынға оранды

8 Қаңтар 2024, 00:21
512
Бөлісу:
Аягөзде 20 тонна жанармайы бар цистерна жалынға оранды
Фото: baq.kz

5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы – балалар.

Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды. Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік  қолданылды.

Өрт сағат 20.30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы