Абай облысында Аягөзден шыққан жерде 100-ден астам көлік кептелісте тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz таратқан мәліметке сәйкес, полиция жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Боран мен нашар көріну салдарынан Аягөз қаласынан шығатын жолда 100-ден астам автокөлік кептелісте қалып қойды. Полиция қызметкерлері оқиға орнында, жағдайды бақылап, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, - делінген хабарламада.
Жүргізушілерге сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының нұсқаулықтарына сәйкес әрекет ету ұсынылады. Ауа райы жақсарғанша, полиция көлік колоннасын Семей – Алматы тас жолына дейін алып жүруге дайындық жасауға кірісті.