Атамқұлов автожолдарды жөндеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты

7 Қыркүйек 2020, 16:29
1510
Бөлісу:
Атамқұлов автожолдарды жөндеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы  өткен онлайн баспасөз конференциясында автожолдарды жөндеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты.

«Нұрлы жол» бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 5,5 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде автожолдарды жөндеуге 3,5 млрд теңге көзделген. Республикалық жолдарды жөндеуге 2,1 трлн теңге бөлінеді. 2020 жылға дейін 13 мың жол қайта жөнделді. 2025 жылға дейін тағы 11 мың шақырымды жөндеу көзделген. Биыл 4 мың шақырым жолда жөндеу жүріп жатыр. Жол жанындағы сервистік нысандарға республикалық бюджеттен қаржы бөлу қарастырылмаған, - деді ол. 

Министр жол маңындағы нысандардың инфрақұрылымына 651 алаң бөлінгенін айтты. 

Біз бизнес пен жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Олар учаскелердің бөлінуі мен оларға асфальтталған жолдың шығуы. Олар республикалық жолдарды салу кезінде қарастырылып қойған. Ол нысандардың кіребересін қардан тазалау жұмыстары қарастырылған. 2025 жылға дейін бұл учаскелерде нысандар салынады. Халықаралық деңгейден төмен емес ұлттық стандарт бекітілген, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы