Автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі

13 Сәуір 2023, 14:01
915
Бөлісу:
Автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі
PHOTO
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу-2 шағынауданында 16 және 19 үйлердің арасында автотұрақ бар. Оған 10 жылдан астам уақыт болды және ол жерде тәртіпсіздік болып жатыр. Біз меншік иесінің кім екенін түсіне алмаймыз. Келісімшарттар да, фискалдық чектер де жоқ – олар ештеңе бермейді, жауапкершілік жоқ, бірақ біз ай сайын ақша төлейміз. Жер жеке меншікте, – дейді қала тұрғыны.

Қала әкімі тұрғының сұрағына жауап бере отырып, жалға алған авто тұрақ «Алматы паркіне» қайтарылатынын атап өтті.

Біз жалға алынған автотұрақтар жерін  «Алматы паркингке» береміз. Жиналған ақша Алматы бюджетіне түсетін болады. Сіздің жағдайыңызды біз анықтаймыз. Жер қатынастары басқармасы арқылы жердің мәртебесін анықтап, қалалық мобильділік басқармасынан не істеуге болатынын білеміз. Мен Мемлекеттік кірістер департаментінен бизнесті тексеруге мораторий жариялағанына қарамастан, прокуратурамен салық төлеу мәселелерін пысықтауды және т.б. сұраймын, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы