Астанада сатып алушыларды алдаған автосалон директоры сотталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан.
Сатып алушылардан алынған ақшалай қаражатты жеке мақсаттарына пайдаланған.
Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған.
Сотталушының әрекеттерінен 6 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қоюлар қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деген ер адам сотталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды
Жүргізуші куәлігін таныстары арқылы әперуге уәде берген астаналық сотталды