Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

23 Ақпан 2021, 11:30
4195
Бөлісу:
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға баса назар аудару қажет екенін айтқан болатын. Осы ретте экотуризмді дамыту мақсатында елде біршама жұмыс атқарылып, жобалар іске асырылып жатыр.

2020 жылы карантин салдарынан Қазақстан халқының шетелдік саяхаттары азайып қалды. Есесіне ел азаматтары қазақ жерінің көрікті жерлерін аралай бастады. Осыдан ішкі туризмнің аз да болса дами түскенін байқауға болады.

Қалай алып қарасақ та, интернет адамның өмірін «жеңілдетті». Жаңа таныстық, сауда-саттық, саяхат. Бүгінгі күні интернет көмегімен экскурсиялық турды таңдап, түрлі бағытта туристік маршрут құруға болады. Оған әр адам өз бетімен не болмаса түрлі авторлық турлар арқылы қол жеткізе алады.

Жалпы авторлық тур дегеніміз не? Авторлық тур әлемі туралы не білеміз? Оны қалай ұйымдастыруға болады? Қазақстанда авторлық туры бар нұсқаушылар көп пе? Бұл бағыт қалай дамып келеді? Осы туралы оңтүстік өңірдің әсем жерлерімен туристерді таныстырып жүрген Ержігіт Жұмаділмен сөйлестік.

Ержігіт 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Алғашқысы қаржыгер және екіншісі туризм саласы бойынша ЖОО-ны тәмамдаған.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Туризм саласына қалай келдіңіз?

Туризм саласына 2016 жылы келдім. Осы кезден бастап өз жұмысымды бастадым. Ең алғашқы туристік тобыма өңірдегі Сайрамсудың Төменгі көліне саяхат ұйымдастырдым. Биыл осы бағыт бойынша саяхаттың 6-мерзімі басталады, - дейді ол.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Ержігіт Жұмаділдің сөзінше, авторлық тур – үлкен тур операторлар арқылы емес, тек гид-нұсқаушымен орындалатын турлар.

Менің авторлық турымда классикалық бағыттар көп деп айта аламын. Өйткені қыс мезгілінде бір күнде 3 жерге барамыз. Бірінші Тау самалы шаңғы базасына барып, онда серуен жасағаннан кейін Доңыз тау шатқалына тау жорғы жасалады. Содан соң түстен кейінгі уақытта Қасқасуға жол тартамыз. Осылайша бір күннің ішінде үш локацияны көреміз. Бұл менің жеке авторлық турым деп айтсам қате емес. Себебі басқа тур ұйымдастырушылар бұл бағыт бойынша саяхат ұйымдастырмайды, - дейді нұсқаушы.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Ол атап өткендей, кейбір әріптестері бұл бағытты қайталап жүрген де болуы мүмкін.

2016 жылы 26 мамыр күні ең алғаш рет ұйымдастырған турыма 11 адам қатысты. Соңғы жылдары топтарда адам саны өте көп, - деп айтты маман.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Саяхаттауды жақсы көретін жандар үшін соңғы жылдары авторлық тур ұсынатындардың қатары көбейді. Авторлық тур заңды ма және қаншалықты қауіпсіз?

Менде қажетті сертификат бар. Тауда альпинистердің оқу-жаттығу жиындарынан өткенмін. Қазақстанның альпинисті белгісі бар. Үшінші разрядты альпинистпін. Тиісті сертификат бар, - деп айтты ол.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Оның айтуынша, қазіргі күні бұл салада қызмет көрсететін мамандар қатары көбейді.

Қазір аспазшы да, асаба да гид-нұсқаушы болып кетті. Алайда олардың басым көпшілігінде тәжірибе жоқ. Бұл өте қауіпті. Ақша үшін адамдарға осындай саяхаттар ұйымдастырып жатыр. Олар не нұсқаулық, не түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді. Осыдан экомәдениетсіздікті байқайсың. Азаматтарымыз сөзбен ғана патриот, ал шын мәнінде іске келгенде соңынан қоқыстарын шашып кетеді, ағаштарды сындырып, оны жағып кетеді. Осындай дүниелерге қарап, көңілің түседі, - деп ренішін жеткізді Ержігіт Жұмаділ.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Гид-нұсқаушы әр саяхат алдында өз қонақтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Өте өкініштісі, осының барлығын өзіміздің қара көздеріміз бен қара домалақтарымыз жасайды. Өзге ел азаматтарына үлгі бола білу керек. Осы ретте әр саяхат сайын туристерге қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулық жүргіземін. Туристерге қоқыс тастауға болмайтынын түсіндіреміз. Осындай ақпараттық жұмыстардан кейін тіпті темекінің қалдығын да жерге тастамай, өзімізбен бірге алып кетеміз. Алып шыққан бөтелкелер, шынылар мен пакеттерді де табиғатта қалдырмаймыз, - деп айтты ол саяхат жайында.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Жұмаділ егер қатты жауын жауып, от жақса, онда кетер кездерінде тұтатқан отты сөндіріп кететіндерін айтты.

Ең бастысы саяхатқа аттанар алдында әр туриске пакет беремін. Ол қалтаға өздерінен шыққан қоқыстың бәрін жинап, алып кетеді. Туристер кейде табиғат аясында шашылып жатқан бөгде адамдардың да қоқыстарын жинап жүреді, - деп өз туристерін мақтады ол.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Сондай-ақ, гид-нұсқаушы Ержігіт Жұмаділ саяхат барысында өзімен бірге жүрген туристерге табиғаттағы гүлдерді, аршаларды сындыруға рұқсат бермейтін көрінеді.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 400-ден астам өсімдіктер енген. Алайда көбісі табиғатта кездестірген гүлдерін «Қызыл кітапқа» енбегендігін айтып жатады. Бірақ кездестірген кез келген өсімдікті әр адам келіп жұла берсе, ол да ерте ме, кеш пе «Қызыл кітапқа» еніп кетеді. Кейбір адамдар мұны түсінбейді. «Неге осыған бола ұрысады?» деп айтып жатады. Мысалы, көктемде өңірде қызғалдақтар гүлдейді. Қызғалдақтарды көруге де туристерді алып барамын. Былтыр, 2020 жылы карантин уақытында бара алмадық. Ол кезде елде төтенше жағдай режимі болатын. Бірақ 2019 жылы барғанымызда менімен барған туристер бірде-бір қызғалдақты жұлған жоқ, - деп айтты маман.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Гүлге тиіспеулерінің басты себебі - саяхат кезінде өсімдіктерге зиян келтіріп, жұлып кетпеулерін гид өзі тікелей қадағалап жүреді.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

 Бір жағынан пайда табамын, екінші жағынан пайдалы іспен айналысамын

Ұйымдастырған турларымның бағасы өте қолжетімді. Бұл менің мақтанғаным емес. Тауға жасалатын саяхаттардың орташа бағасы бір адамға 4 000 мың теңгені құрайды. Мұның ішіне жол ақысы, кіру билеттері, тауға терілген шөптерден дайындалған шай бағасы, тауға көтерілерде пайдаланатын трекинг таяқтар, үш адамға арналған кілемшелер кіреді. Арзан сомаға тур ұйымдастырушыларда мұндай қызметтер жоқ десек артық болмайды. Тіпті қонақтардың өздері де турдың бағасына, оған кіретін қызметтеріне таңқалып жатады, - деп айтты ол турдың бағасы жайында.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Оның айтуынша, кәсібі арқылы бір жағынан пайда тапса, екінші жағынан пайдалы іспен айналысып жүр.

Жұмысым арқылы еліміздегі ішкі туризмнің дамуына титтей де болса үлес қосып жүргеніме сенімдімін. Себебі әр тур сайын жиналған туристерге Қазақстанның киелі жерлерімен, сұлу табиғатымен таныстырамын. Туған жеріміздің кереметтерімен таныстырып, елімізді бағалай білуге, сүюге үйретемін. Жерімізді болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін ғасырлар бойы ата-бабаларымыз күресті. Саяхат кезінде тек қана табиғат аясында демалып қана қоймай, ағартушылық, үгіт-насихат жұмыстарын да жүргіземін, - дейді Ержігіт Жұмаділ.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Гидтің сөзінше, тіпті қонақтардың өздері де тур соңында рахмет айтып кететін көрінеді.

Олар турға қатыспай тұрып, бұған дейін судан босаған бөтелкелерді жол бойында лақтыра салатындарын айтады. Енді осындай ағартушылық жұмыстарынан кейін мұндай әрекеттерін қайталамайтындарын да айтып жатады. Сапар соңында осындай жағымды экомәдени өзгерістерді де байқаймыз. Табиғатты бағалауға үйреніп, саяхат кезінде тіпті шашылып жатқан қоқыстарды да өздерімен алып кетіп жатады, - деп атап өтті ол.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

 Авторлық турды қалай ұйымдастыру керек?

Біріншіден, Instagram желісінде жарнама жасаймын. Түрлі пабликтерге жарнамаға жолдаймын, таргет жасаймын. Екінші мәселе – көлік. Жиналған адам санына байланысты көлік жалдаймын. Ауқымды экскурсия болса, көмекшім бірге сапарға шығады. Ал егер тау жорықтары болса, адам санына қарай көмекшілер бірге жүреді. Ең үлкен топ жиналған кезде 5 көмекші бірге саяхатқа шыққан болатын. Осылайша үлкен топты 6 адам болып алып жүрдік. Осы үлкен топпен тур кезінде 20 адамға бір нұсқаушы қызмет көрсетті, - деп айтты Ержігіт Жұмаділ әңгіме барысында.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Ол атап өткендей, әр тур кезінде гидтің бәрінде рация, дәрі-дәрмектер қорабы болады. Өзі топтың алдында жүреді, тағы бір гид соңында және қалғандары топтың ортасында жүреді.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

 Саяхатқа шығатын туристерге қандай талаптар қойылады? Олар қандай дайындықпен шығулары керек?

Саяхатқа шығар кезде турист өзіне ыңғайлы киімдерін алуы қажет. Мысалы, тау жорықтарына шаққан кезде жаз мезгілі болса да, адамда өзімен бірге жылы киім болуы керек. Өйткені физиканың заңы бойынша әр 100 метр сайын ауа температурасы 0-6 градусқа түседі. Сонымен қатар, тауда ауа райы да құбылмалы. Бір мезетте күрт өзгеріп кете салады. Сондықтан жылы киім мен бас киім міндетті түрде алу қажет. Одан бөлек, қалпақ, панама және күннен көрғайтын көзілдірікті де алуды ұмытпаған жөн. Себебі тау биік болған сайын ультракүлгін сәулелерінің әсері қатты бола түседі. Мұның әсері адам көзіне зиянын келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, денені жауып тұратын киім киген дұрыс. Біріншіден, жаңа айтқандай, ультракүлгін сәулелері болса, екіншіден, тауда бірнеше улы өсімдік бар. Сондықтан таңсық емес өсімдіктерді тауға шыққанда ұстамаған дұрыс.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Сонымен қатар, рюкзак, су, тамақ алуды да ұмытпау керек. Егер туристе трекинг таяғы болса, оны да алуына болады.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Одан бөлек, тауға шығатын адамның денсаулығы да мықты болуы керек. Себебі жоғары қысымы бар, жүрегі ауыратын адамдарға тауға көтерілуге болмайды.

 Бағаға сервис сай келмейді

Елімізде инфрақұрылым өте нашар. Бағаға сервис (қызмет көрсету) сай келмейді. Көп демалыс орындары өте қымбат. Сонымен қатар, әжетхана мәселесі де бар. Сырттан келген адамдарға әжетханаларды көрсету ұят. Алайда адамдардың да мәдениеті әлі күнге төмен. Қанша қымбат әжетхана қойда да, адамдардың мәдениетін өсірмей, оны таза ұстау мүмкін емес, - деп айтты гид-нұсқаушы.
Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

 Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Оңтүстікте экотуризм бағытына, яғни табиғат аясына, тауға сұраныс жаман емес. Одан бөлек, сакральды бағытқа, әулие жерлерге де сұраныс бар.

Негізі біздің аймақта тарихи бағыттағы маршруттарға сұраныс басымырақ. Мысалы, Түркістан бағыты. Бізде адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді. Осыдан сакралды жерлер сұранысқа ие екенін байқауға болады.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Әулие жерлерді аралайтындар аз емес. Дегенмен мен ұйымдастырған турлардың басым көпшілігі тарихи-ағартушылық. Ғибадат етіп, ниеттеніп бару әр адамның өз еркінде. Дегенмен менің авторлық турыма қосылғандардың арасында ондай туристер көп емес. Бала тілеп шығатын туристер туралы өзімнің де естігенім бар. Бұл психосоматика деп ойламын. Әулие жерлерге бару кейбір кісілерге көмектеседі. Дегенмен өзім скептик адаммын, мұндай дүниелерге көп сене бермеймін.

Авторлық тур ұйымдастырушыларға қаншалықты сенуге болады? Алдап кеткендері туралы да естіп жатамыз...

Жоғарыда айтып өткеніміздей, соңғы кезде авторлық турлар саны көбейіп келеді. Алайда кейбір тур агенттіктерінің арасында азаматтарды сазға отырғызып кететіндері де жоқ емес.

Тіпті Шымкентте де кейбір әріптестерімнің туристерді алдап кеткендерін естідім. Олар ұйымдастырған турларына «отмена» жасап, туристің ақшасын қайтармаған. Өз тәжірибем бойынша 5 жылдың ішінде 4-5 сапарды адам саны жиналмай кейінге қалдырдым. Дегенмен мен әр адамның ақшасын өздеріне қайтарып бердім.

 Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Қай мезгілде туристер саны көбейеді?

Бұл салада қызмет атқарып жүргеніме шамамен 5 жыл болды. Менде маусымаралық деген түсінік жоқ. Тек адам саны азаюы мүмкін. Туристер саны күзде (қараша), ақпанның аяғынан наурызға дейін көп болмайды. Қалған уақыттарда адам саны жеткілікті болады.

Турларыма қатысатын туристердің басым көпшілігі өзіміздің қазақстандықтар. Егер ұлтқа бөліп қарайтын болсақ, 50-60 пайызы қазақтар және шамамен 30-40 пайызы өзге ұлт өкілдері. Шетелдік азаматтар да жоқ емес. Көршілес Ресей, Украина, Прибалтикадан да келетін туристер бар. Егер бір турға қатысқан туристерді алып қарайтын болсақ, олардың 60-70 пайызы Шымкент, Түркістан облысының тұрғындары, 20 пайызы басқа қаладан келгендер, - дейді ол.

Соңғы 2 жылда Қызылорда облысынан келетін туристер саны артып келеді.

 Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Адамдар жүрген жерлерінде бәрін шашып, қиратып жүреді

Бізде экомәдениет дамымаған. Өзіммен бірге саяхатқа шыққан туристің бәріне қоқыс тастамай, жинап жүру керектігін үнемі айтып жүремін. Кей туристер қаталдығым туралы айтып жатады. Әрине, мен қоқыс тастап, шашып жүргендерін көрсем, оны бірден айтамын. Бірақ мәдениет өте төмен.

Пандемия салдарынан шетелге көбісі шығып жатқан жоқ. Халық еліміздің туристік аймақтарында демалып жатыр. Алматы облысында, Ақмола облысында демалып жүрген туристер туралы естіп отырамын. Өкініштісі, адамдар жүрген жерлерінде бәрін шашып, қиратып жүреді.

 Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Тау, табиғат – бұл менің «есірткім»

Үнемі саяхат жасаудан жалыққан жоқпын. Таудағы ең танымал бағыт – Сайрамсудың Төменгі көліне былтыр қарашада 50-ші жорығымды ұйымдастырдым. Нәтижесінде туристермен бірге 5 жылда Сайрамсуға 50 рет саяхат жасадым. Өзім тауларды қатты жақсы көремін. Тауға бір аптадай шықпай кетсем, мазам қашады. Тау, табиғат – бұл менің «есірткім». Сондықтан бұдан жалығу мүмкін емес.

Еліміздің табиғаты көркем. Әр облыстың өзіне тән сұлу жерлері бар. Таулы аймақтар туралы айтатын болсақ, Алматы облысында тау туризмі жақсы дамыған. Жамбыл облысында Талас Алатауы бар. Дегенмен ол жақ аса танымал болмағандықтан болар туристер тобы көп бара бермейді. Менің ойымша, Алматы облысынан кейін тау туризмі бойынша екінші орында Түркістан облысы тұр. Өйткені облыстың төрттен бір бөлігі таулы аймақтан тұрады. Теріскейінде Қаратау жотасы, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде Батыс Тянь-Шянь. Ол үш жотадан тұрады – Талас жотасы, Өгем жотасы және Қаржантау жотасы.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Оңтүстікте бәрі бар. Шөл де, көл де, дала аймақ, қыратты аймақ та, субальпілік белдеу, альпілік белдеу бар. Бірнеше мың метрден асатын шыңдар өте көп. Одан бөлек, көне қалалардың орындары, кесенелер, тарихи объектілер өте көп. Айта кететін болсам, ішкі туризмге қолайлы аймақтың бірі – Түркістан облысы.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Қазақстанның «Үздік гид-нұсқаушысы»

2018 жылы Қазақтуризм ұлттық премия ұйымдастырды. Премия 17 номинация бойынша өтті. Соның ішінде Қазақстанның «Үздік гид-нұсқаушысы» номинациясының жеңімпазы атандым. Өзіммен бірге сапарға шыққан туристерімнің арқасында осындай жеңісті қанжығаладым.

2019 жылы қатысуға мүмкіндік болмады. Бұл жылы алматылық әріптесім жеңімпаз атанды.

Дегенмен бүгінгі күні әріптестерімнің қатары кеңейді.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

2020 жылдан бері карантин жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Шекаралар жабық. Азаматтарымыз өз жерімізде демалып жүр, - дейді Ержігіт Жұмаділ.

2019 жылы туристерден құралған топтарды Алматыға апардым. Бұл жылы жерлестеріммен Алматы өңіріне 3 рет сапар шектік. Менен басқа да оңтүстіктегі әріптестерім Алматы облысындағы тауларға саяхаттар ұйымдастырып тұрады. Керісінше, Алматы жақтан да оңтүстік аймаққа саяхаттайтындар жоқ емес.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Алыс шетелге шықпадым. Тек көрші елдерде болдым. Өзбекстан, Қырғызстанды араладым. Еліміздің Жамбыл, Алматы облысында болдым. Іле Алатауында болдым.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Коронавирус біздің салаға қатты әсер етті. Өйткені 2020 жылдың өзінде шамамен 4 айдай жұмыс істемедік.

Болашақта шетелге авторлық турларды ұйымдастыру жоспарда бар.

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Саяхат кезінде қызықты оқиғалар жиі орын алып тұрады. Бір айта кететінім, оңтүстікте қыз-келіншектер қауымы өте белсенді. Менімен бірге шығатындардың шамамен 80-90 пайызы қыздар. Бір қызығы ұйымдастырған тур кезінде 8 рет тек қыздардан ғана топтар жиналды. 

Авторлық тур: Адамдар тарихқа қарағанда әулие-әмбиелерге көп сенеді

Туристерге гидтен кеңес 

Экомәдениетті қалыптастыру қажет. Егер әр адам өзінің соңынан қоқыс тастамай, жинап жүрсе, жеріміз таза болады. Табиғат аясында от жаққаннан кейін, оны сөндіріп кетуді қмытпау керек. Себебі еліміздің небәрі 10 пайызы ғана орманды алқаптан тұрады. Жыл сайын елімізде бірнеше мыңдаған орман алқаптарын өрт алып жатыр, - деп айтты Ержігіт Жұмаділ. 

Сөз соңында азаматтарды табиғатты қайда жүрсек те, аялай білуге шақырды.

 

 



Өзгелердің жаңалығы