Әлеуметтік пәтер: Енді әлеуметтік қызметкер, полицей, спорт қайраткері, өрт сөндіруші үйге өтініш бере алады

23 Ақпан 2021, 11:16
2555
Бөлісу:
Әлеуметтік пәтер: Енді әлеуметтік қызметкер, полицей, спорт қайраткері, өрт сөндіруші үйге өтініш бере алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтер алушылар санаты кеңейтілгенін айтты.

2020 жылы 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 173%-ға көп. Оның 80%-ы жеке инвестициялар есебінен салынған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй саны көбейтілді. Тұрғын үй кезегінде 48 мыңнан астам адам тұр. Егер 2018 жылы қолжетімді 1 100 пәтер берілсе, 2019 жылы 2 900, ал былтыр 7 мыңнан астам пәтер берілді. Осы жылы әлеуметтік топтарға арналған пәтерлер саны 10 мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр. 2020 жылы тек «Отбасы» банкі арқылы 10 936 жанұя пәтерлі болды. Биыл бұл пәтерлер саны көбейтіледі, - деп атап өтті қала әкімі.
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Осы сертификаттарды алушылардың санаттары да кеңейтілді. Бұған дейін тізімге халықтың тек әлеуметтік осал топтарының 3 санаты енсе, енді оған 13 санат кірді.

«Бәйтерек» холдингі және «Қазақстан тұрғын үй» компаниясымен бірге жүзеге асырылатын бағдарламаға өзгерістер енгізілді.

Әлеуметтік пәтер алушылар санаты кеңейтілді. Бұл әлеуметтік пәтерлерге тек медицина қызметкерлері, мұғалімдер ғана емес, енді өрт сөндірушілер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері, полиция департаменті қызметкерлері өтініш бере алады. Мыңға жуық жалдамалы пәтер қарастырылып отыр. 526 пәтер берілді. Осы бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтер құнының 1%-ын құрайды. Кейін тұрғын үйді жекешелендіруге болады, - деп айтты Алтай Көлгінов.
Қала әкімі құрылысшылардың ұсынысын жеткізді.
Олар егер «Отбасы» банкі аванс төлейтін болса, қолжетімді баспанаға қатысушы компаниялар көбейетінін айтады, - деді Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы