Автонесие: Автосалондар көлік бағасының 30%-ын төлеуді талап етуі қаншалықты заңды? - Министр жауабы

8 Желтоқсан 2022, 13:20
6890
Бөлісу:
Автонесие: Автосалондар көлік бағасының 30%-ын төлеуді талап етуі қаншалықты заңды? - Министр жауабы

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Kia, Huyndai сынды көліктерді жаңадан алғың келсе, автосалонға барып кезекке тұру керек. Кезекке тұрайын десең, көлік бағасының 30 пайызын алдын алу төлеу қажет екенсің. Мұндай ережені автосалондар кейінгі өздері шығарып алған. Автосалондардың мұндай талап, ереже қоюы қаншалықты заңды?» деп сұрады тілші министрден. 

Сіз айтып отырған мәселені мен де естідім. Қазір автосалондар жаңа ноу-хау сынды өзгерістерді енгізіп жатыр. Қазір біз мемлекеттік басқару органдармен мұның кімнің құзыретіне қарайтытыны ақылдасамыз. Кейін ресми түрде бұл мәселеге қатысты жауап береміз, - деп атап өтті министр Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол 4 пайыздық автонесиеге қатысты жауап беріп, неліктен халық арасында сұранысқа ие Kia, Huyndai сынды көліктердің неліктен жоқтығына тоқталды. 

Былтыр біз 80 мыңнан астам көлік шығарсақ, биыл 11 айдың ішінде 90 мыңнан астам көлік шығардық. Жылдың аяғына дейін 110 мың көлік шығарамыз. Келесі жылы бұл көрсеткішті 135 мыңға дейін көтеру жоспарда бар. Өйткені халық арасында сұраныс көп. Мемлекет басшысы Алматыға барған сапарында жаңа үш зауыттың бірінші кірпіші қаланды. Ол да (автонесиеге – ред.) өз үлесін қосады деп үміттенеміз. Мемлекет басшысы Алматыға барғанда жаңа 3 зауыттың құрылысының бірінші кірпішін салды. Онда Қытайдың 3 мықты зауыты ашылады деген жоспар бар. Бұл да өз үлесін қоса ма деп ойлап отырмыз. Зауыттар 1,5 жылдың ішінде салынады. Kiа мен Huyndai көліктері автосалондарда қашан болады деген мәселеге тоқталсам. Мен сенбіде Қостанайда жиналыс өткіземін. Сонда нақты айтуға сізге тырысамын, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Өзгелердің жаңалығы