Автокөлікпен жолаушылар тасымалын дамыту мәселелері талқыланды

13 Наурыз 2023, 10:13
907
Бөлісу:
Автокөлікпен жолаушылар тасымалын дамыту мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздегі автокөлікпен жолаушылар тасымалы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 Онда әлеуметтік маңыздағы автомобиль қатынастарына қатысты субсидиялар бөлудің нақты критерийлері белгіленген.

Автокөлікпен жолаушылар тасымалын дамыту мәселелері талқыланды

Осы ретте субсидиялау мен тариф белгілеуге байланысты нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ басқа да тетіктерді өзектендірумен айналысатын жұмыс тобы құрылып, оның құрамы аталған мәселелерді жергілікті жерлерде шешуге атсалысатын мамандардан жасақталғанын айта кеткен орынды.

Таяуда 10-шы наурызда жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың қатысуымен жұмыс тобының қорытынды отырысы өткізілді.

Автокөлікпен жолаушылар тасымалын дамыту мәселелері талқыланды

Оның барысында тарифтік комиссияның жұмысын күшейту бойынша, маршруттың есептік тарифі мен құнын айқындаудың негізгі критерийлерін белгілеу жөнінде, сондай-ақ бағыттарға шыққан автобустардың қозғалысын диспетчерлеп, жолақысын төлеудің электронды жүйелерін дамытуға арналған тарифтерді есептеу әдістемесіне әрі әлеуметтік маңыздағы автомобиль қатынастарын субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Автокөлікпен жолаушылар тасымалын дамыту мәселелері талқыланды

Бұл жұмыстың қорытындысына сәйкес қажетті бұйрықтың жобасы дайындалып, тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы