Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

9 Желтоқсан 2021, 17:16
5286
Бөлісу:
Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалықтар енді жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды биометрия жүйесі бойынша тапсырады. 

Ал практикалық сынақты жаңа GPS жүйесі бар автоматтандырылған автодромнан өтеді. Желтоқсан айынан бастап енгізілген жаңашылдықтар туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов мәлімдеді.

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Оның айтуынша, жүргізуші куәлігін «сатып алу» жағдайлары анықталғаннан кейін Мемлекеттік корпорация емтихан тапсыру барысының бақылауын күшейткен. Ол үшін теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялық жүйе енгізілді.

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Біз жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихан процесін барынша ашық етуді көздейміз. Қазір Нұр-Сұлтанда «теорияны» тапсыру кезінде бөгде адамдардың қатысуын толығымен болдырмайтын арнайы биометрия жүйесі енгізілді. Келесі жылы ол барлық өңірде болады деп жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ елорда автодромындағы жабдықты жаңарттық. Бұрын ескірген магнитті датчиктер үнемі істен шығатын, өйткені емтихан тапсырушылар белгілерді қағып, бордюрлерге көлік соғатын. Сондықтан жөндеу жұмыстарына байланысты автодром ара-тұра жұмыс істемей тұратын. Енді мұндай проблема болмайды, – деді ол.
Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

IT-инфрақұрылым департаментінің директоры Марат Тұрсыновтың айтуынша, егер бұрын «теорияны» тапсыру кезінде емтихан тапсырушы тек жеке куәлігін көрсетсе, енді арнайы биометриялық жүйе оның құжаттағы бейнесі мен бет-әлпетін сәйкестендіретін болады.

Теориялық емтихан тапсыруға келген азамат алдымен биометриялық жүйе орнатылған труникеттен өтеді. Сәйкестендіруден сәтті өтсе, кез келген бос тұрған компьютерге барып, емтихан тапсыра алады. Компьютердің жанында да бейнекамера орнатылған, басқа адам тапсырмауын қадағалау мақсатында биометриялық жүйе арқылы тағы да тексереді. Жаңа жүйенің артықшылығы – адамға жағымды түстермен жасалған және интерфейс толығымен өзгертілген. Республикалық ситуациялық орталықта барлық өңірдегі компьютерлер бақылауда болады. Жыл басынан бері 32 мыңнан аса адам сынақ тапсыруға келді, осы уақытқа дейін соның 45 пайызы өткен, ал қазіргі таңда жаңа жүйе енгізгелі емтихан тапсырған 540 адамның тек 22 пайызы сынақтан өтті, - деп түсіндірді ол. 
Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Техникалық жұмыстарға байланысты практикалық емтихан біраз уақытқа тоқтатылған болатын. Сервис жөніндегі Басқарушы директор Бахтияр Мұхаметқалиевтің айтуынша, сол уақыттан бері күткендер саны көп болғандықтан, қазір күнделікті емтихан тапсырушылар саны әлдеқайда артқан. 

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

 2021 жылғы 2 желтоқсанда №1 мамандандырылған ХҚО-да жаңа GPS жүйесі бар автоматтандырылған автодром іске қосылды. Ол автодром аумағындағы және емтихан барысындағы көлік қозғалысы мен маневрларды есепке алып, талдау жасауға мүмкіндік береді. Датчиктерді, GPS жүйесін орнатуға 60 млн қаражат жұмсалды. Модернизациялауды елордадан бастадық, енді Алматы, Шымкент сияқты басқа қалалардағы автодромдарды жаңартамыз. Практикалық емтиханды тапсыру тегін әрі азаматтар қанша тапсырғысы келсе де өз еркі, - дейді маман. 
Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Айта кетейік, 2021 жылдың қараша айында елорданың мамандандырылған ХҚО-да 1989 адам жүргізуші куәлігін алуға өтініш берді. Олардың 1003-і «теориядан» өте алмай, 887-і практикалық емтиханды тапсыра алмады. Тек 99 адам екі емтиханнан да сәтті өтіп, жүргізуші куәлігін алды.

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі:

- Автомектепте көлік жүргізуді үйрену, жол ережелерін жаттау.
- Қажетті құжаттар: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі медициналық анықтама, автокурстан өткені туралы куәлік («B» санаты үшін міндетті емес), мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек. Мемлекеттік баж мөлшері – 1,25 АЕК. 

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

- Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беру керек. 32-сіне дұрыс жауап берілсе, емтиханнан өткен болып саналады. 

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

Жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

- Көлік жүргізу бойынша практикалық емтихан. 20 минут ішінде автодромда 12 жаттығу маневрын жасау керек.
- Екі емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жүргізуші куәлігі мамандандырылған ХҚО-да екі сағат ішінде беріледі.

Өзгелердің жаңалығы