Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар қалай жасалады?

4 Сәуір 2021, 18:38
1914
Бөлісу:
Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар қалай жасалады?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қоғам көлік жүргізушілері күн сайын өз ауысымынан кейін автобусына дезинфекция жасайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар қалай жасалады?

Жүргізушілер тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер сүртіледі. Вирустың таралуының алдын алу үшін автобус салоны желдетіледі.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар қалай жасалады?

Ал жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде арнайы залалсыздандыратын ерітіндімен ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар қалай жасалады?

Күн сайын өз ауысымынан кейін әр автобус кәсіпорын аумағындағы жуу орнына кіргізіледі. Қазіргі уақытта көлік жуылатын екі орын бар. Алдымен сырты жуылады, содан кейін барып автобус іші дезинфекцияланады. Дезинфекция күн сайын, түрлі ерітінділер қосылып жасалады. Бұл ерітінді емханаларда, ауруханаларда, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, сол сияқты қоғамдық көліктерде қолданылады, - дейді №1 автобус паркінің бас инженері Бауытжан Тілеуберген.

Тұрғындарды коронавирустан сақтау үшін автобус салондарында антисептиктер орнатылған. Көлік жүргізушілері мен қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарын тағып жүреді.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар қалай жасалады?

Еске сала кетейік, елордадағы қоғамдық көлікте жолаушылар міндетті түрде бетперде тағуы керек.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар қалай жасалады?


Өзгелердің жаңалығы