Автобустағы сұмдық: Өскеменде ер адам оқушы қыздарға тиісіп, жанжал шықты

Өскеменде автобуста қыздарға тиіскен ер адам ұсталды.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 18:47
Бүгiн 2026, 18:47
237
Фото: видеодан алынған кадр

Өскемен қаласында қоғамдық көлікте орын алған жағымсыз жағдай қоғам наразылығын тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға бүгін қалалық автобустардың бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылардың бірі кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен. Қауіптенген қыздар өздерінің аялдамасына жетпей, автобус­тан түсіп қалуға мәжбүр болған.

Жағдайға автобус ішіндегі тағы бір жолаушы – жас жігіт араласып, күдіктіге қарсылық білдірген. Ол ер адамды «педофил» деп атап, өзге жолаушылардың назарын аударған. Соның салдарынан автобус ішінде жанжал туындап, төбелес шығуға шақ қалған.

Алайда кондуктор жағдайды ушықтырмауға тырысып, жанжалдың алдын алуға әрекет жасаған. Сонымен қатар ол жас жігіттің күдіктіні автобус­тан күштеп шығаруына жол бермеген.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға құқық қорғау органдарына белгілі. Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша бір азамат қоғамдық орындарда тиіскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жанжал кезінде соққы жасаған тұрғын ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және кез келген даулы жағдайды заң аясында шешуге шақырды.

Наверх