Автобусқа жылқымен кірген жолаушы айыппұл арқалады

27 Наурыз 2022, 12:09
1705
Бөлісу:
Автобусқа жылқымен кірген жолаушы айыппұл арқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жолаушылармен бірге автобусқа кірген жылқының иесіне айыппұл салынды. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полициясы бөлімі №12 автобуспен жылқысын тасымалдап келе жатқан Ж. есімді азаматты анықтады. Ол өз қателігін бірден мойындады. Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар 12-ші автобусқа жылқысымен кірген ер адамға 60 мың көлемінде айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы